Тәжірибемен алмасу

Біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы “Өрлеу” АҚ ұйымдастыруымен 2023 жылдың 14-25 тамыз аралығында “Интернаттық ұйымдарда тәрбие жұмысын жоспарлау және іске асыру бойынша педагогтердің психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттерін дамыту” тақырыбында интернаттық ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған біліктілік арттыру курсы өткізілді.

Семинар барысында Орал, Қостанай, Шымкент және Қызылорда қаласы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәрбиешілері жобалық жұмыстарымен таныстырды. Әріптесіміз, тәрбиеші Махина Гульсум Толеухановна “100 кітап жобасын жатақхана қабырғасында іске асыра отырып, тәрбиеленушілерді кітап оқуға баулу” тақырыбында өзінің жүргізген тәжірибесімен онлайн түрде бөлісті. Институт директорының атынан алғыс хатқа ие болды.

Курсқа қатысушылар курс барысында танымдық ақпарат, идеялармен танысып, жаңа оқу жылында жаңаша серпінмен жұмыс бастауға мүмкіндік алды.