Тоғызқұмалақ

 «Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.

Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. …

Еліміздің білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде»

Н.Ә.Назарбаев

Тоғызқұмалақ үйірмесі қазақтың ұлттық ойыны Интеллектуалдық ойындардың біріне жатады.

Біздің халқымыз адамның санасын шынықтыратын ой спорты түрлерін ерте кезден өте жетік меңгерген. Мектеп оқушыларын тәрбиелеу, олардың ой-санасын шынықтыру, жетілдіру, ойлау қабілетін дамыту құралдарының қатарына жататын, терең ойды талап ететін, ойнасаң қызығына ешбір тоймайтын қиын да, қызық ой спорты түрлерінің бірі – қазақтың математикалық «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны. Бұл да басқа спорт түрлері сияқты жұртшылық қолдауын тауып, қазіргі заман талабына сәйкес дамып, өріс алып келеді.

Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – оқушыларды білімді, әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Тоғызқұмалақ ойынын оқушыларға үйрету арқылы оқушылардың логикалық ұғымдарын кеңейтіп, есептеу дағдыларын шыңдай түсуге болады. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі.

«Тоғызқұмалақ» ойынының басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Отаулардағы құмалақтарды санау арқылы оқушылар есептеуге, логикалық ойлауға жүрік болады. Тоғызқұмалақты үйренген балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Тез әрі нақты шешім қабылдауға үйренеді.

Мектебімізде тоғызқұмалақ ойнайтын, көптеген жетістіктерге жеткен бірнеше оқушылар бар.

Едігенов Мұса – ІІ Азия Чемпионатының Чемпионы 2016 жыл, Қазақстан Республикасының Кубогінің чемпионы 2016 жыл, Қостанай облысының 10 үздік спортшысы қатарына кірді 206 жыл, Б.Кенжетаевті еске алуға арналған республикалық рейтингілік турнирінің чемпионы 2017, «Ақжол» газетінің жүлдесіне арналған республикалық рейтингілік турнирдің чемпионы 2017жыл, Қостанай облысының «Триумф» байқауының жеңімпазы 2017 жыл.

Сарсембаева Аружан – Қостанай облысының кубігің қола жүлдегері 2016 жыл.

Умиртаева Диана – Қостанай облысының жасөспірімдер чемпионатының қола жүлдегері 2016 жыл, А.Ерғалиевті еске алуға арналған Қостанай қаласының ашық жарысының жеңімпазы 2017 жыл.

Толеген Аружан – Қостанай облысының жасөспірімдер чемпионатының күміс жүлдегері 2016 жыл, А.Ерғалиевті еске алуға арналған Қостанай қаласының ашық жарысының жеңімпазы 2017жыл.

Ахмеджанова Тогжан – Қостанай облысының Жасөспірімдер чемпионатының қола жүлдегері 2017 жыл, А.Ерғалиевті еске алуға арналған Қостанай қаласының ашық жарысының күміс жүлдегері 2018 жыл.

Сайтахмет Ильяс – Қостанай облысының кубогінің командалық есепте жеңімпазы 2017, Қостанай облысының жасөспірімдер чемпионатының күміс жүлдегері 2017 жыл, А.Ерғалиевті еске алуға арналған Қостанай қаласының ашық жарысының жеңімпазы 2018жыл.