Құрметті оқушылар және ата-аналар

2021 жылғы 29 наурыздан 23 мамырға дейін 5 сынып оқушыларына Виртуалды мектепке тіркелу жүргізіледі. Тіркелу сайты https://vs.nis.edu.kz/

Виртуалды мектепке тіркелген оқыту қазақ тіліндегі оқушылар үшін «Математика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі және әдебиеті», «Ағылшын тілі», оқыту орыс тіліндегі оқушылар үшін «Математика», «Орыс тілі», «Қазақ тілі және әдебиеті», «Ағылшын тілі» пәндері бойынша оқудан өтеді және өткен тақырыптарды бекітуге арналған тапсырмаларды орындағаннан кейін қорытынды тестілеуді тапсырады.