Құрметті ата-аналар!

2021-2022 оқу жылында оқушыларға жатақханадан орын берілуі үшін ата-аналар арызы  мен тиісті құжаттар 

2021 ж. 02 – 21 тамыз аралығында қабылданады. 

Құжаттарды қабылдау күні мен уақыты: 

дүйсенбі-жұма күндер аралығында сағат 09:00-ден бастап 18:00-ге дейін,
сенбі күндері сағат 09:00-ден бастап 14:00-ге дейін,
жексенбі демалыс күні.
 

Құжаттарды қабылдау жатақхананың электронды поштасына онлайн режимінде өтеді
Жатақхананың электрондық мекен-жайы: Dormitoryreg@kst.nis.edu.kz

Өтініш берген кезде оқушының заңды өкілі өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді: 

1) туу туралы куәліктің көшірмесі, ЖСН көрсетілген туу туралы куәлікке қосымша беттің көшірмесі және оқушының жеке куәлігінің көшірмесі; 

2) оқушының заңды өкілдерінің жеке куәлігінің көшірмесі; 

3) egov.kz электрондық үкімет порталынан оқушының және оның заңды өкілдерінің тіркелген мекенжайы бойынша деректер (скриншот). Өтініш берілген күні сол мекенжай бойынша тіркелгеніне кемінде 1 (бір) жыл уақыт өтуі керек. Бұл талап басқа қалалар мен ауылдарда тұратын оқушыға және оның заңды өкілдеріне қатысты.  

Басқа жағдайларда (мекенжай бойынша тіркелгеніне 1 жылдан кем болған жағдайда) төмендегі құжаттарды ұсынады: 

– жұмысы ауысып, басқа жерге жақын арада көшкен жағдайда міндетті түрде жұмысқа қабылдау туралы бұйрық көшірмесі, жұмыс орнынан анықтама;  

– басқа да отбасылық жағдайларға байланысты басқа жерге көшкен жағдайда egov.kz электрондық үкімет порталының деректер базасынан растайтын құжаттар немесе білім алушының және оның заңды өкілдерінің нақты тұрғылықты жері көрсетілген кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің анықтамасы;  

4) оқушының заңды өкілдерінің жалақысы көрсетілген жұмыс орнынан анықтама немесе ата-ананың (баланың заңды өкілінің) жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын өңірдің, елді мекеннің жергілікті атқарушы органның анықтамасы; 

5) заңнамада белгіленген тәртіппен соңғы 6 ай ішінде берілген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат; 

6) егер оқушы көп балалы отбасынан шыққан болса, басқа кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі және кәмелетке толған балаларына күндізгі оқу формасында оқитыны туралы оқу орнынан анықтама; 

7) егер оқушы немесе оқушының заңды өкілдері І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер болып табылса, заңнамада белгіленген форма бойынша мүгедектігі туралы анықтама; 

8) аз қамтылған азаматтар үшін – өтініш беруші және оның отбасы заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатынын растайтын анықтама; 

9) ішкі істер органдары, жергілікті атқарушы органдар беретін, өтініш берушінің және оның отбасының қолайсыз отбасы ретінде есепке алынғанын растайтын анықтама (болған жағдайда); 

10) егер оқушы толық емес отбасынан шыққан жағдайда, оқушының ата-анасының біреуінің жоқтығын растайтын құжаттардың көшірмесі (қайтыс болғаны туралы, некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі, № 4 нысан). 

Қажет болған жағдайда Комиссияның ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын салыстырып, тексеруге құқығы бар.  

Жатақханадан орын алуға құқығы басым деп есептелетін оқушылар: 

1) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балалар; 

2) басқа қалалар мен ауылдық жерлерден келген оқушылар: 

 – осы Ереженің 12-тармағына сәйкес баланың толық дене бітімі, психикалық, адамгершілік және рухани дамуы үшін қажетті жағдайлар жасауға дайындығын бағалау негізінде заңды өкілдер, өгей әкесі, өгей шешесі тарапынан зорлық-зомбылыққа немесе қатыгездікке ұшырайтын қолайсыз отбасыларының балалары; 

– I, II немесе III топтағы мүгедек оқушылар; 

– заңды өкілдерінің біреуі немесе екеуі де I, II немесе III топтағы мүгедектер санатына жататын оқушылар; 

– заңды өкілдері аз қамтылған азаматтарға жатқызылған көп балалы отбасынан шыққан оқушылар; 

– заңды өкілдері аз қамтылған азаматтарға жатқызылған толық емес отбасынан шыққан оқушылар; 

– заңды өкілдері аз қамтылған азаматтарға жатқызылған оқушылар; 

– осы санаттардың біріне жататын 7-сынып оқушыларының жоғары сыныптарға қарағанда құқығы басым. 

3) Зияткерлік мектеп орналасқан қалада тұратын оқушылар (жергілікті оқушылар):  

– осы Ереженің 12-тармағына сәйкес баланың толық дене бітімі, психикалық, адамгершілік және рухани дамуы үшін қажетті жағдайлар жасауға дайындығын бағалау негізінде заңды өкілдер, өгей әкесі, өгей шешесі тарапынан зорлық-зомбылыққа немесе қатыгездікке ұшырайтын қолайсыз отбасылардың балалары; 

– I, II немесе III топтағы мүгедек оқушылар; 

– заңды өкілдерінің біреуі немесе екеуі де I, II немесе III топтағы мүгедектер санатына жататын оқушылар; 

– заңды өкілдері аз қамтылған азаматтарға жатқызылған көп балалы отбасынан шыққан оқушылар; 

– заңды өкілдері аз қамтылған азаматтарға жатқызылған толық емес отбасынан шыққан оқушылар; 

– заңды өкілдері аз қамтылған азаматтарға жатқызылған оқушылар; 

– Зияткерлік мектептен барынша алыс тұратын немесе тізбеге сәйкес көлік қолжетімділігі және қамтамасыз етілуі шектеулі оқушылар. Зияткерлік мектептен барынша алыс тұратын 7-сынып оқушыларының жатақханада тұру құқығы басым.  

     P.S. Орын алу құқығы басым деп табылған бірнеше оқушының жағдайы бірдей болса, орын беру барысында арыз берген күні мен уақыты ескеріледі.  

     Жатақханадан орын алуға құқығы басым оқушылардың қатарына енбеген оқушыларға орын арыз тапсырған күні мен уақытына сәйкес кезегімен беріледі.  

 

Жатақханаға қабылдау тәртібі 

    Мектеп директорының бұйрығымен оқушыларға жатақханадан орын беру үшін комиссия жасақталады.  

    Комиссия жоғарыда көрсетілген құжаттарға, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жатақхана қызметі туралы ережесіне сүйене отырып оқушыларға орын береді.  

    Қажет болған жағдайда комиссия мүшелері қажетті деректерді, отбасының тұрмыстық ахуалын анықтауға шыға алады.  

 

Құрметті ата-аналар! 

Оқушыларға мектеп жатақханасынан орын бөлу комиссиясының шешімі сіздердің көрсеткен телефон нөмірлеріңізге хабарланады.