Қашықтық математика олимпиадасының ЕРЕЖЕЛЕРІ   Жалпы ережелер Математикадан олимпиада Қостанай облысының 6 сынып оқушылары үшін өткізіледі. Олимпиада орындалу сапасын тексеретін нақты жазба жұмысының орындалуын көздейді. Олимпиада бір кезең өткізіледі, қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттаумен аяқталады. Олимпиадаға қатысушылар математикалық есептерді шешудегі білімдері мен дағдыларын көрсетулері керек.   Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері Олимпиаданың мақсаты – Қостанай облысының […]


Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды.    Құжат қабылдау 2022 жылғы 1 желтоқсаннан 2023 жылғы 10 қаңтарға дейін   Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі: Дүйсенбі-жұма күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін Сенбі күні […]


«Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық бағдарламасы аясында 32 кабинет жабдықталған.   Қостанай облысының Сарыкөл ауылындағы № 1 Урицкий жалпы білім беретін мектебі – «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық бағдарламасы аясында жабдықталған үшінші ауылдық тірек мектеп.   Мектеп интерактивті жабдықтармен, заманауи жиһаздармен, оқу-әдістемелік жиынтықтармен, 32 оқу кабинетімен, шеберханамен […]


Қостанайдағы NIS жас ғалымдары «Youth Chemistry Conference 2022» конференциясында өз идеяларын ұсынды   2022 жылғы 12 қарашада Назарбаев Университетінде жас студенттер мен мамандарға арналған іргелі, қолданбалы химия және химиялық инженерия саласындағы жыл сайын өткізілетін «VI Youth Chemistry Conference 2022» ғылыми конференциясы өтті. Химия мамандығының студенттері мен түрлі мамандар ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұсынып, ғылымның өзекті бағыттарын талқылауға […]


NIS оқушылары Эко белсендісімен кездесті   2022 жылдың 9 қарашасында мектеп мәжіліс залында жатақханада тұратын оқушылар экологиялық белсенді Наурызбек Бірмағамбетовпен кездесуі өтті. Кәсіпкер, «Neco» экологиялық клубының негізін қалаушысы және жетекшісі, Қостанай облысы жастарының Алтын кітабының лауреаты, 2020, 2021 жылдың үздік эко-волонтері, тұңғыш ұлттық «Ecо mecen» сыйлығының лауреаты. «Халық алғысы» медалімен марапатталған. Жиын жеке тұлғаның жалпы […]


Қостанайдағы NIS оқушысы IX Иран олимпиадасында III орынға ие болды   Қостанайдағы NIS 9 сынып оқушысы Дидар Жалғасбаев 14 қазан күні онлайн форматта өткен геометрия пәнінен Халықаралық Иран олимпиадасында III дәрежелі дипломмен марапатталды.   – Мен Иран олимпиадасынның геометрия пәнінен 9-10 сыныптар арасындағы топтар лигасында қатысқан болатынмын. Ол жерде 5 күрделі геометриялық есеп шығардық. Мен […]


Қостанай НЗМ командасы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауында 100 % жеңіске жетті.   Қостанай NIS командыасы Астанада (жаратылыстану-математикалық бағыттағы секциясы бойынша) және Алматы қаласында (әлеуметтік және гуманитарлық бағыт секция бойынша) бір уақытта өткен байқауда жүлделі орындарға ие болды. 10 сынып оқушылары: «Әдебиет» секциясында Нұрдәулет Игенов «Қабдеш Жұмаділов шығармаларындағы «Сағыныш» концептісі» (ғылыми […]


«Ахмет Байтұрсынұлы: ақын, ғалым, публицист» конференциясы

Құрметті әріптестер! Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы: ақын, ғалым, публицист» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Конференцияға белгілі тілші-ғалымдар мен әдіскерлер, білім беру сарапшылары, ғылыми қызметкерлер, докторанттар мен магистранттар, мұғалімдер өз еңбектерін ұсынды. Жинаққа Қостанай облысынан және Назарбаев Зияткерлік мектебінен 69 мақала жарияланды.     Авторлар сертификаттарыңызды төменде берілген сілтеме бойынша жүктеп ала […]


Урицк мектебінің мұғалімдеріне кампус-тур өткізілді.   Қостанайдағы NIS-те «Ауылдық жердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында Сарыкөл ауданының №1 Урицк орта мектебінің мұғалімдеріне экскурсия өткізілді. Оған Урицк білім беру ордасының сынып жетекшілері және директордың орынбасарлары қатысты. Жобаның басты миссиясы – қала мен ауылдық жердегі білім беру арасындағы алшақтықты жою, оқушылардың оқу жетістіктерін арттыру, тірек мектептердің […]


Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Күләш Шәмшидиноваға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» медалін табыстады Бүгін конференцияға Күләш Шәмшидинова тікелей Ақордадан келді. Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиноваға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» медалін табыс етті.  


«Ахмет Байтұрсынұлы: ақын, ғалым, публицист» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті 2022 жылдың 17 қазаны күні облыстық деңгейде Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция 17-21 қазан аралығында облыс көлемінде өтетін қазақ әдебиеті апталығы аясында ұйымдастырылды. Негізгі шаралар кітапханалар, мектептер және қазақ драма театрының базасында өтті. Конференция мақсаты – […]


МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ИНАУГУРАЦИЯСЫ   Бүгін мектеп линейкасында мектеп Президенті лауазымын атқаруға кірісуін атап өтетін салтанатты рәсімі өтті Осы іс-шарадан бұрын, бір ай бойы кандидаттардың сайлау алды жұмыстары жүргізілді, яғни сайлау әмбебаптық, теңдік, тікелей дауыс беру бойынша өткізілді. Әрбір үміткердің батылдығы, өзінің көзқарасын ашық білдіру және өзінің көшбасшылық қасиеттерін көрсете білді. Есеп комиссиясының шешімімен ең көп […]


Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы және өмірбаяны   Мектебімізде «Менің Кіші Отаным» атты Республикалық жоба аясында жергілікті қоғам қайраткерлерімен бірге дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында келген қонақтарымыз тарихымызда айрықша орны бар бірегей тұлға, ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы Торғай даласында қалай аталып өткені туралы және Ұлы тұлғамыздың есімі қалай жаңғырып келе жатқанымен бөлісті. Дөңгелек […]