Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды.

 

 Құжат қабылдау 2022 жылғы 1 желтоқсаннан 2023 жылғы 10 қаңтарға дейін

 

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:

Дүйсенбі-жұма күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін

Сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақыты: 12.00 -13.00-ге дейін

Мереке күндері: 2022 жылғы 16, 31 желтоқсан, 2023 жылғы 1, 2, 7 қаңтар

Демалыс күні: 2022 жылғы 17 желтоқсан

 

Кешенді тесттер 2023 жылғы 2-3 наурыз күндері өтеді

Өту мерзімі Тестілеу Тесттің нәтижесі «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижесі
2 наурыз

2023 жыл

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді игеру қабілетін бағалау тесті:
– Математика- Сандық сипаттамалар- Жаратылыстану
Тестілеу нәтижелері www.nis.edu.kz сайтында кешенді тестілеудің екінші күнінен 40 күнтізбелік күн өткеннен кейін жарияланады Конкурстың нәтижесі бойынша соңғы шешім «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссиямен қабылданады.
3 наурыз

2023 жыл

Тілдік тест:
– Қазақ тілі
– Орыс тілі
– Ағылшын тілі

 

 

 

Зияткерлік мектепке келу күні мен уақытын брондау

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен санитарлық-эпидемияға қарсы профилактикалық іс-шараларды сақтау мақсатында әрбір Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына келушілер ағымын реттеу онлайн брондау қызметі жүзеге асырылады. Бұл қызмет Сізге құжаттарды тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді.

Үміткер мен заңды өкіл (1 адам) Зияткерлік мектеп ғимаратына тіркеу кезінде белгіленген уақытта ғана (қатаң түрде) кіргізіледі. Мектеп территориясына үміткер және заңды өкілмен ілесіп келген басқа тұлғалар жіберілмейді.

 

Онлайн брондау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Зияткерлік мектептің веб-сайтын ашу (веб-сайттардың тізімі төменде көрсетілген);
  2. «Үміткерлерге» / «Конкурстық іріктеу» бөліміне кіру;
  3. «Қабылдау комиссиясына арнайы кезекті брондау» қосымшасын ашу;
  4. Ашылған терезе арқылы күнтізбеде құжат тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын таңдау;

 

  1. Өзіңіздің байланыс деректеріңізді көрсету;
  2. Брондауды растау;

 

  1. Барлық бөлімдер толтырылып, бронь жасалғаннан кейін Сіз көрсеткен электрондық поштаға брондаудың расталғаны туралы хабарлама келеді.

 

Құжаттарды қабылдау келесі мекен-жайлар бойынша жүргізіледі:

 

Назарбаев Зияткерлік мектебі Мекен-жайы Телефон Веб-сайт
1 Қостанай ФМБ Нұрсұлтан Назарбаев

даңғылы, 239

8 (7142) 39-06-70

 

8 775 964 78 83

kst.nis.edu.kz

 

 

Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

 

1) Конкурсқа қатысу үшін өтініш (жуктеу) беру;

2) Сауалнама (жуктеу) толтыру;

3) Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН-і, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілдің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;

4) Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса, оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек (Ескерту: құжаттарды 6-сыныптың 1-ші жартыжылдығы аяқталғанға дейін тапсырсаңыз 5-сыныптың табелі қабылданады, 6-сыныптың 1-ші жарты жылдығы аяқталған соң тапсырсаңыз 6-сыныптың 1-ші жартыжылдық табелі қабылданады).

Білім беру деңгейі мен оқу бағдарламасының айырмашылығы салдарынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының сыныптарынан өзгеше болатын шетелдік білім беру мекемелері мен халықаралық мектептердің оқушыларынан басқа орта білім беру ұйымдарының 7 сыныбында білім алатын үміткерлердің келесі оқу жылында Зияткерлік мектептердің осы сыныбында қайта білім алуға құқықтары жоқ;

Оқу бағдарламасы мен бағалау шкалалары Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқу бағдарламалары мен бағалау шкалаларынан ерекшеленетін шетелдік білім беру ұйымдарында немесе халықаралық мектептерде оқитын үміткерлер оқитын мектебінен бағдарламаның мазмұны мен бағалау шкалаларын түсіндіретін ресми хаттары оқу үлгерімі табеліне (бағалау транскрипті) қоса тіркеледі.

5) Үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. цифрлі фотосуреті немесе үміткердің фототүсірілімі құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында жасалынады.

Фотосурет ақшыл түсті фонда қатаң анфаста орындалады, бейтарап бет көрінісі мен ауызы жабық болуы қажет, бет пішіні фотосуреттің жалпы көлемінің 75% алуы тиіс. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірмелеу әдісімен жасалынған суреттер қабылданбайды. Суретке түсіру кезінде бас киім және көзілдірік рұқсат етілмейді. Көздері ашық, анық көрінетін және шашымен жабылмаған. Фотосуреттің көлемі 450х600 пиксельден кем емес рұқсат ету шамасымен 600 пиксель/дюйм (dpi) төмен емес болуы тиіс.

Көрсетілген барлық құжаттар мұқабасы түссіз 10 файлдық пластикалық папкаға салынады.

 

Құжаттар келесі жағдайда қабылданбайды:

1) өтінішті конкурстық іріктеуге қатысуға белгіленген мерзімінен кешіктіріп тапсыру;

2) құжаттардың бекітілген тізім бойынша толық болмауы.

 

Қабылдау комиссиясына басқа тұлғаның сенімхатсыз әкелген құжаттары қабылданбайды.