Педагогикалық идеялардың үздігі   Қостанай қаласындағы NIS директорының орынбасары Рашит Тәтімбеков 2023 жылдың 4-6 наурызында Алматы қаласында өткен Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауында 1-орынды иеленді.   Жыл сайынғы өтетін педагогикалық идеялар фестивалі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ҚР Білім министрлігінің  «Дарын» орталығымен әзірленді. […]


NIS ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы футболдан жолдастық кездесу   Футболдан жолдастық кездесу «Әкелер форумы» жобасы аясында ата-аналардың бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Ойынның алғашқы секундтарынан бастап командалар бір-біріне қалыс бермейтіні белгілі болды. Жарыс алаңында ұстаздар мен ата-аналар сенімді ойнады. Ал оқушылар әділқазы қызметін атқарды. Бұл күні жеңілгендер болған жоқ деп сеніммен айта аламыз, барлық қатысушылар бұл ойында […]


БҰҰ моделіне Қазақстанның NIS бес мектебі қатысты   2023 жылдың 16 ақпаны мен 18 ақпаны аралығында Қостанай NIS оқушылары Доха қаласында (Катар) орналасқан Джорджтаун университетінің (АҚШ) бастамасымен өткізілген XVIII жыл сайынғы БҰҰ моделі конференциясына қатысуға шақырылды. Катар мемлекетінің Джорджтаун университеті жылдан жылға халықаралық дипломатия саласында және одан тыс жерлерде жоғары сапалы дебаттар мен мазмұнды келіссөздер […]


«Ауғанның асуында от кешкендер!»   Қостанайдағы NIS-те Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына байланысты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кештің басты мақсаты оқушыларымызға Ауғанстанның ұрыс даласында болып, ел абыройын қорғауға атсалысып, интернациональдық борышын адал атқарған жауынгерлеріміздің ерлік істері турасында түсінік қалыптастыру. Әрбір оқушыға өз отанын қорғау-қасиетті борышы екендігін ұғындыру. Кездесу сағаттың құрметті […]


Қостанайдағы NIS үш мұғалімі халықаралық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды   2023 жылдың 3 ақпаны мен 5 ақпаны аралығында математика, физика және информатика пәндері бойынша олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының арасында «IMPACT Olimpiad» V Халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті. Олимпиадаға Ресей, Татарстан, Моңғолия, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстаннан математика, физика, информатика бойынша олимпиадалық резервтің […]


Қаржылық сауаттылықты мектеп табалдырығынан бастап енгізу   Мектепте бағдарламалауды оқытуда қаржылық сауаттылықты дамыту курсының бағдарламасын Қостанай қаласындағы NIS информатика пәнінің мұғалімі Борис Зеленов бөлісуге дайын. Мұғалім осы бірегей интеллектуалды бағдарламасына авторлық куәлік алды.   Аталған курс Қазақстан Республикасының зияткерлік және жалпы білім беретін мектептерінің 8-10 сынып оқушыларын оқытуға арналған. Бұл бағдарлама оқушыларға қаржылық сауаттылық пен […]


OTANYŃDY SUI, ÄLEMDI ÖZGERT, ADAL BOL – «Alumni NIS» қағидаттары Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің Франкфурт қаласындағы кездесуінде айтылды «Alumni NIS» қағидаттарына айналған OTANYŃDY SUI, ÄLEMDI ÖZGERT, ADAL BOL сөздері Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің Франкфурт қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығында өткен кездесуінде айтылды. – NIS-тің мен үшін нағыз әлеуметтік лифтке айналып, үлкен мүмкіндіктер берген мекен екенін […]


NIS Қазақстанды әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялауда Назарбаев Зияткерлік мектептері NIS-тің әлемдік стандарттарын растайтын беделді еуропалық сертификатқа ие болды Германиядағы ACQUIN-нің штаб-пәтерінде Күләш Шәмшидиноваға NIS Педагогикалық шеберлік орталығын жаңа сертификаттау туралы куәлік табысталды. Германияның Байройт қаласындағы ACQUIN-нің штаб-пәтерінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиноваға Педагогикалық шеберлік орталығының жаңа жетістігі туралы куәлік табыс етілді. […]


Табысты мектеп үлгісін құру   Қостанай NIS-те Қостанай облысының мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары «Заманауи мектепті басқару» білім беру компьютерлік симуляциясында табысты мектеп үлгісін жасау үшін бас қосты. Педагогикалық шеберлік орталығының өкілдері Мәскеудің «Ed Crunch Academy» академиясының IT мамандарымен бірлесіп жасалған бірегей білім беру бағдарламасы виртуалды симулятор жұмысын ұсынды. Компьютерлік симуляцияда 158 қатысушы басқару шешімдерін […]


Болашақ ұстаздар Қостанайдағы NIS-те педагог мамандығы бойынша нұсқаулық алуға гайдта жиналды   Қазіргі Қазақстанда жоғары білікті педагог мамандарды табу мәселесі өзекті болып қала берді. Көптеген басшыларды: «Жастарды мектепке қалай тартуға болады?, «Жоғары сынып оқушыларын педагогикалық мамандық таңдауда қалай қызықтыруға болады?», «Мектептің кадрлық резерві мәселесін қалай тиімді шешуге болады?» деген сұрақтар ойландырады. Осы мәселелерді шешу үшін […]


Құрметті Қостанай NIS оқушылары!   Барлық 7-12 сыныптар арасында (ұлдар, қыздар) футболдан жонглерлік жарысқа қатысуға шақырамыз.   – Жарыстарға қатысу – Футбол жонглерлік бейнеңізді түсіріңіз – Бейнежазбаны shagataev_s@kst.nis.edu.kz электронды поштасына жіберіңіз   ӨТКІЗУ УАҚЫТЫ 2023 жылдың 10 қаңтарынан 18 қаңтарына дейін.


Зияткерлік мектебі мұғалімдерінің зерттеу тәжірибесі көрсетілді   Қостанай қаласындағы Зияткерлік мектебінде қалалық, аудандық білім бөлімдері және облыс білім басқармасының әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлеріне, сондай-ақ Қостанай облысы мектептері директорларының орынбасарларына арналған облыстық семинар өтті.   Семинарға қатысушылар NIS мұғалімдерінің зерттеу жұмыстарымен танысуға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, мұғалімдердің мектепте зерттеуді ұйымдастыру және жүргізуді, «APA style» бойынша зерттеу нәтижелерін […]


онлайн брондау қызметі!

Құрметті ата-аналар мен үміткерлер!   Зияткерлік мектептердің 7-сынып оқушыларының конкурстық іріктеуіне қатысу үшін құжаттарды тапсыру үшін мектеп сайтындағы онлайн брондау қызметі арқылы талон алу мүмкін болмаса, Зияткерлік мектептердің қабылдау комиссиясына хабарласыңыз болады, Сізге міндетті түрде қызмет көрсетіледі.


Алтыншы сынып оқушылары NIS партасына отырды   Қостанай қаласындағы Зияткерлік мектебіне түсуге ынталы оқушылар үшін қысқы Каникулярлық мектеп басталды. Виртуалдық мектепті сәтті меңгерген 6-шы сынып оқушылары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен және математикадан қосымша сабақтарда дайындалады. Сабақтарды тәжірибелі NIS оқытушылары жүргізеді, оқушыларға конкурстық тестілеу кезінде кездесуі мүмкін әр түрлі тапсырмаларды орындау ұсынылады. Виртуалдық және Каникулярлық мектеп […]