Мектеп пен отбасы -тәрбие берудегі серіктес
Бүгін «Берік отбасы» бағдарламасы бойынша 7-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған тренинг басталды. Бағдарламаны «OXFORD BROOKES» (Ұлыбритания) университетінің Денсаулық және әлеуметтік қамсыздандыру мектебі UNODC қолдауымен жасалған.
– «Берік отбасы» бағдарламасының басты мақсаты – жасөспірімдер мен олардың ата-аналары арасындағы жақсы қарым-қатынасты дамытуға ықпал ету. Әрбір тренинг ата-аналарға балаларына қолдау көрсетуге, тәртіп орнатуға және балаларын дұрыс бағытта тәрбиелеуге, сондай-ақ ата-аналарға жасөспірімдерді күйзеліске қарсы тұруға үйретуді көздейді, – дейді мектеп психологы Индира Мирманова.
Екі айға бағытталған тренинг соңында отбасыларға сертификаттар беріледі. Бүгін 7 «D» сынып оқушылары және олардың ата-аналары қатысты. Жалпы биылғы оқу жылында бес жетінші сынып оқушылары курстардан өтетін болады.