2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлердің тестілеу нәтижелері

Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

Осы беттен 2023 жылғы 2-3 наурыз күндері өткізілген 2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеудің кешенді тестілеу нәтижелерін көре аласыз.

1-күн. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тест.

1. «Математика» бөлімі – 400 балл;

2. «Сандық сипаттамалар» бөлімі – 300 балл;

3. «Жаратылыстану» бөлімі – 200 балл.

2-күн. Тілдік тест.

1. Қазақ тілі – 200 балл;

2. Орыс тілі – 200 балл;

3. Ағылшын тілі – 200 балл.

Тестілеу нәтижелерін өңдеу Нидерландыдағы Педагогикалық өлшеулер институтында (Cito) жүзеге асырылады. Үміткерлердің жауаптары статистикалық және психометриялық талдауға негізделген арнайы бағдарламалық жасақтамада өңделеді. Аталған тәсіл тестілеу нәтижелерін әділ әрі шынайы бағалайды, сондықтан апелляцияны қажет етпейді.

7-сыныптарға конкурстық іріктеудің қорытындысы бойынша апелляция өткізілмейді.

«Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін:

«Математика» бөлімі бойынша максималды ықтимал 400 балдан 140 және одан жоғары шекті балл (35% және одан жоғары);

«Сандық сипаттамалар» бөлімі бойынша максималды ықтимал 300 балдан 120 және одан жоғары шекті балл (40% және одан жоғары) жинау қажет.

Шекті балл жинамаған үміткерлердің нәтижелері қызыл түспен белгіленген.

«Өркен» гранты мектептерге бөлінген грант санына сәйкес шекті балл жинаған және кешенді тестілеу қорытындысы бойынша ең жоғары жалпы балл алған үміткерлерге тағайындалады.

Тестілеу нәтижесі бойынша үміткерлердің жалпы балл саны тең болған жағдайда, «Математика» бөлімінен неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.

Үміткерлердің «Математика» бөлімі бойынша жинаған балл саны тең болған жағдайда, «Сандық сипаттамалар» бөлімінен неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.

Үміткерлердің «Математика» және «Сандық сипаттамалар» бөлімдері бойынша жинаған балл саны тең болған жағдайда, «Жаратылыстану» бөлімінен неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.

Үміткерлердің «Математика», «Сандық сипаттамалар» және «Жаратылыстану» бөлімдері бойынша жинаған балл саны тең болған жағдайда, конкурсқа құжат тапсыру кезінде таңдаған оқыту тілінен (қазақ, орыс) неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.

Кешенді тестілеу нәтижелері төмендегілерді қамтиды:

–  үміткердің рұқсатнамасында көрсетілген тестіленушінің сәйкестендіру коды (ТСК);

–  үміткердің шифрленген жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);

–  үміткерлердің кешенді тестілеу бөлімдері бойынша нәтижелері мен жинаған жалпы балы.

Үміткерлердің нәтижелері жалпы балл санына сәйкес сараланған тәртіппен (шекті балды жинағанына/жинамағанына қарамастан, ең жоғары жалпы балдан ең төмен жалпы балға дейін) ұсынылады. Үміткерлердің оқыту тілі есепке алынбайды.