“Анадан хат”

Балаларға сапалы білім беріп, жаңашыл оқытудың сан түрлерін іске асырып келеміз. Сонымен қатар, білім беруде ғана емес, ата-аналармен жұмыс та оң нәтижесін беріп жатыр.
2023-2024 оқу жылының I тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Осы орайда тәрбиешілер ата-аналардың қолдауымен оқушыларға “Анадан хат” атты мотивациялық кешін өткізді.
Іс-шарада аналардың балаға жазылған хаты оқылды. Хатты оқыған балалардың көңілдері босап, көз жастарына ерік берді. Оқушылардың бойында хат оқыған соң ата-ана үмітін ақтап, жақсы оқуға тырысу, І тоқсанды ойдағыдай аяқтауға мотивациялық күш берді. Осындай қызықты формамен ұйымдастырылған іс-шара болашақта бала тәрбиелеу ісінде өз табысты нәтижесін беретініне сенімдіміз.