«Ана – гүл! Ана – өмір шуағы!»

6 наурызда Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – гүл! Ана – өмір шуағы!» атты мерекелік салтанат кеші өтті.

Іс – шараның мақсаты: оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу .

Осыған орай арнайы қонақтар мен құрметті әжелер шақырылды. Тәрбие сағатымызда оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беріп, асыл аналарға, әжелерге, ару қыздарға арналып, әсем әндер шырқалды. Вокалдық-аспаптық ансамбль аналарға жүрек үнімен айтылған дебюттік әндерін арнады. Бұл алғашқы дебюттары болды.

Сонымен бірге, 7–ші сынып оқушылары Синицина София мен Мурзабекова Дильназдың ең алғаш орындауында Абайдың оныншы қара сөзі оқылды.

Мереке аясында, біздің жатақханамызда «Анаңды креативті құттықта» атты акциясы өтіп, олардың фотогалерея жиынтығын үлкен экраннан көрермендер тамашалай алды. Әр бала анасының суретін экраннан көріп, жүректегі сағыныштарын білдірді. Мерекелік концертке келген әжелерімізге гүл шоқтары табыс етілді.