“NIS Dormitory Cup “

Бірінші рет NIS жатақханалары арасында “NIS Dormitory Cup ” атты дебат турнирі өтті. Турнирде Алматы ХБН, Тараз ФМН, Семей ФМН, Атырау ХБН, Қостанай ФМН НЗМ жатақханалары қатысып, БП Жаңа Қазақстанда елдің дамуына әсер ететін жаңа бағдарламалар деген тақырыптарға пікір таластырды. 1 орынға – Алматы ХБН -Хиуаз   (Алібек Дайана,Серібай Ілияс), 2 орынға – Тараз ФМН -Idea Zhoq (Ағаділ Бақдаулет, Көбейсін Нұрай), 3 орынға – Қостанай ФМН- Samruk (Қалиолла Жансерік, Мағзұм Рамазан) ие болды. “Ең креативті команда” номинациясын – Атырау ХБН (Ахмет Үкілі Сағыныш пен Мақсат Меруерт), “Ең ақылды команда” номинациясын Семей ФМН (Бакытжанова Нурай мен Дүйсенова Сенім) алды. Ал турнирдің үздік спикері ретінде Семей қаласынан қатысқан -Бакытжанова Нурай атанды. Бұл іс-шара жатақханалар арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында жасалған болатын. Қатысушылардың оң бағасының арқасында, жарыс жоғары деңгейде өтті десек, қателеспейміз.

Ұзақбай Жәнібек: Жатақханалар арасында өткен бұл турнир -жатақханалар арасындағы ынтымақтастықтың көрінісі деп білемін. Назарбаев Зияткерлік мектептер арасында қарым-қатынас болғанымен, жатақханалар арасындағы қарым-қатынасты көре қоймаймыз. Сондықтан да жатақханалар арасындағы достықты арттыру үшін осындай іс-шара жасадық. Турнир барлығының көңілінен шықты және ендігі мақсатымыз: осы істі жыл сайын, дәстүрлі түрде, жаңа деңгейде жасау.