Нәзік жандарға МК

Жатақханамыздың нәзік жандарына арналған МК өткізілді. Мастер классты өткізу үшін Қостанай қаласының тұрғындарына танымал, визажист-шаштаразшы Аятжанова Мақпал Қыпшақбайқызын қонаққа шақырдық. Мақпал Қыпшақбайқызы бір оқушыға макияж жасай отырып, қыздарға күнделікті сәнді макияжды қалай қолдану керектігін көрсетті, сонымен қатар, өмірдегі лайфхактармен бөлісті. Сондай-ақ, макияжда қолданатын өнімдері және өзінің жұмыстағы бастамасы мен жетістіктері туралы айтып кетті.