“Кітап – сырлы әлем”

2023 жылдың 16 қараша күні тәрбиеші Сансызбаева Диана Темірханқызы мен педагог-ұйымдастырушы-куратор Байдан Гүлвира Кәдірбекқызы жатақхана тәрбиеленушілерімен “100 кітап” жобасы аясында “Кітап – сырлы әлем” атты іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушыларға викториналық сұрақтар қойылып, “BOOKSMAIL” әдісі қолданылды, сонымен қатар, оқушылар “Photostar” үйірмесінің тәсілдері арқылы кітап мұқабасын жасады.