“Міржақып. Оян, қазақ”

Жатақханада тұратын оқушылар үшін “Міржақып. Оян, қазақ” атты фильмін көру ұйымдастырылды. Фильм Алашорда көшбасшыларының бірі, ақын және жазушы Мыржақып Дулатовтың тағдыры туралы баяндайды.
Фильмді көргеннен кейін оқушылармен талқылау өткізілді. Балалар өз әсерлерімен бөлісті және ақынның өлеңдерін оқыды.