Мотивациялық кеш

Кейде алға жылжып, алға қойған мақсаттан бас тартпау үшін бізге қажетті сөздер жетіспейді. Өмірде біз өзгеріп, шешім қабылдап, маңызды қадамдар жасау үшін мотивацияны қажет ететініміз бәрімізге айдан анық. Тәрбиеленушілеріміз үшін ата-аналардың хаттарымен ТЖБ апталығы алдында мотивациялық кеш өткіздік. Өйткені, электрондық поштаға қарағанда, қағаз хат – бұл махаббаттың нағыз белгісі. Бұл конвертке салынған эмоциялар мен сезімдер. Сезіммен, мұқият таңдалып жазылған сөздерді оқыған сәтте, міндетті түрде жүректен ерекше орын алады.