“Шолпанның күнәсі” қойылымы

Театрға не үшін баруға болады деген сұраққа жауап қарапайым: адамдық түйсікті көтереді, білім мен әдеби көкжиекті кеңейтеді, өз өміріміз жайында ойланып, сезінуге әсер етеді. Осы жолы «Шолпанның күнәсі» деген қойылым болды. Әртістермен барлық зал бірге күліп, бірге жыладық. Қазіргі замандағы жастарға тәрбиелік мәні зор қойылым екен. Оның дайындығы қаншама уақытты талап етеді. Соның жемісінен үлкен әсер алдық. І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әртістері мен әкімшілігіне алғыс айтамыз. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!