«Team building»

21 қыркүйек күні жаңа жатақхана тұрғындарының ұйымшылдығын арттыруға арналған «Team building» іс-шарасы жоғары деңгейде өтті.

7-8-ші сыныптар оқушылары және олардың жетекешілері – 12 сынып оқушылары «Мақал-мәтел», «Математикалық тапсырмалар» секілді станцияларда өзінің жүйріктігін, ақылдылығын көрсетті. Ал «Қарлы доп» станциясында креативтілігімен ерекшеленді. Ойын соңында жатақхана тұрғындары бір-бірінің жаңа қырларын біліп, кешкі уақытты пайдалы да қызықты өткізді.