«Тұғыры биік – Тәуелсіздік!»

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай жатақханамыздың қабырғасында «Тұғыры биік – Тәуелсіздік!» атты іс-шара өтті. Бұл іс-шара бірден «100 кітап», «100 ән», «Менің өмірімде қолданатын мақал-мәтелдер» атты жобаларды қамтыды. Іс-шарамызға 7 – 8 сынып оқушылары қатысты. Олар 4 топқа бөлініп, топтарының капитанын өздері сайлады. Сондай-ақ,  топтарының атауы мен девиздерін ойластырып, станциялар бойынша жүріп, әр станцияда түрлі тапсырмаларды орындап шықты. Әр станция бойынша тапсырмалар мен мәліметтерді жоғарғы сынып оқушылары дайындап, өткізуге өз үлестерін барынша қосты.