Сурет галереясына саяхат

Жаһандану заманында түрлі теріс ағымдардың етегінде жұтылып кетпей, елдігімізді сақтап қалу – үлкен сын. Оның бірден-бір жалғыз жолы – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Еліміздің тарихын, мәдениетін, туған өлкеміздің тарихын білу – әрбір азаматтың міндеті. Елбасымыздың “Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар” бағдарламасын білім саласында іске асыру барысында Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-8 сынып оқушылары 8 қыркүйекте Қостанай қаласының сурет галереясына экскурсия жасады. Сурет көрмесінің 1-қабатынан жергілікті суретшілердің шығарамаларын, ал 2-қабаттан елімізге әйгілі қылқалам шеберлерінің суреттерін көруге болады. Оқушыларға, әсіресе, ұнағаны қазақтың қолданбалы өнері мен тұрмыстық заттары қойылған сөрелер болды. Ер балалар темір қалдықтардан құралған «Қошқар», «Күшік» сияқты жерлесіміздің туындыларына қызықса, қыз балалар әшекей бұйымдарға аса мән берді. Оқушыларымыз экскурсия барысында сурет көрмесінен таным-түсініктерін молайтып, тарихи сана қалыптасуына жол ашты. Халқымыздың, өлкеміздің өткен тарихына деген қызығушылықтары артып, мұндай игі істердің жалғасын табуын қалайтындықтарын жеткізді.

                                                                                                            Қабажаева А.Н.