«Промоакция»

«100 кітап» жобасының аясында 7 сыныптарға арналған «Промоакция» атты іс – шарасы өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты: «Book worms» клубымен жақынырақ таныстыра отырып, түрлі белсенді тәсілдермен кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру. Іс – шара барысында жалпы 2017 жылдан бастамасын алып келе жатқан «Жетістік сапары» атты жобамен таныстырдық. Кейін сабақ барысында балаларды топқа бөліп, «Кейіпкерді анықта», «Book пазл» мен «Лего» ойындары арқылы түрлі қызықты формаларды пайдалана отырып, кітап оқуға баулыдық.