Мотивациялық кеш

Міне, 2021-2022 оқу жылының І-ші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Балалар күн сайын стресті күйде, үнемі ойлары оқуда болады. Сонымен қоса, керек кезінде, тіпті тек жылы сөз есту үшін де, ата-аналарының жанында болғанын қалайды. Осындай барлық жағдайды, балалардың ішкі күйзелісін алдын алу үшін І қабат тәрбиешілері 22 қазан күні тәрбиеленушілерді жинап, мотивациялық кешін өткізді.

Кештің негізгі мақсаты: барыңа қанағат тұтып, алға қойған мақсатқа жету үшін тек алға ұмтылу, өзіне деген сенімділігін одан сайын арттыру болып келеді. Сол себепті бұл кеште балалар бір-бірлеріне алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді. Топ-топқа бөлініп, түрлі тапсырмаларды орындады. Жоғары сынып оқушылары 7 сыныптарға ТЖБ уақытында өздерінің тәжірибелерінен алынған ізгі тілектері мен кеңестерін де айта кетті.

Ең бастысы, балалар арасында жылы қарым-қатынас орнатылып, одан әрі өрби беру мақсатында кешімізді асханада дастархан басында жалғастырдық. Сондай-ақ, осы кеште оқу жылынан бастап аталып кеткен туған күн иегерлерін де құттықтап, атап кеттік.