Марфуға Бектеміроваға арналған әдеби кеш

2019 жылдың 22 қыркүйегінде, Л. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында, сағат 11-де оқырман залында Марфуға Бектеміроваға арналған «Жан — дүниенің жаңғырығы» атты әдеби кеші өтті. Бұл кешке Қостанай қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханада тұратын оқушылары қатысты. Балалар кештен үлкен әсер алды. Кеште Марфуға апайымыздың балалық шағы, оның шығармашылыққа бет бұрған кезеңінен бастап, өмірінің соңғы күніне дейін суреттелген деректі фильм көрсетілді. Сондай-ақ, ақынның өлеңдері оқылып, әндері орындалды.

Әдеби кеште оқушылар жазушының «Өткен күндер кетер емес есімнен», «Халқым менің», «Күлше қыз», «Асқар таудай алыбым» атты шығармаларын оқып, пікір алмасты.