Ұлы тұлға құрметіне ашылған көрме

07.10. 2019 ж. жатақханамызда Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған көрменің ашылуы өтті. Көрме Ұлы Абайдың өмірбаяны, шығармалары және қара сөздерінің тәрбиелік мәні жайлы  баяндаудан басталды. Оқушылар Ұлы тұлға Абай атамыздың шығармаларынан үзінді оқып, бір-бірін толықтырып отырды. Кейін  жоба жетекшілері дайындап әкелген викториналық сұрақтарына дұрыс жауап берген оқушыларға тәтті сыйлықтар үлестірді. Іс-шара Сулеймен Зейнұрдың «Ескендір» поэмасын шебер орындауымен аяқталды.