Квест ойыны

15 ақпан күні 7-ші сынып оқушыларымен «Салт-дәстүрім – таусылмайтын байлығым» атты квест ойыны өткізілді. Оқушылар бес топқа бөлініп,  сайыстың ережелерімен таныстырылды. Әр топқа маршруттық парағы таратылып, станциялардың талаптары мен өткізілетін орындары анықталып ескертілді.

Бірінші станция «1001 мақал, 101 жұмбақ» деп аталды. Мұнда қатысушылар берілген мақалдардың жалғасын тауып, жұмбақтар шешті. Ал келесі «Қайсысы артық?» станциясында берілген тапсырманың ішінен қайсысы мақал, ал қайсысы ырым екенін ажыратып, мағынасын түсіндіру болды. «Караоке» станциясында оқушылар «100 ән» тізімінен ұнаған әндерін таңдап, топпен ән айтты, ал келесі «Ойлан, тап!» станциясында тұрақты сөз тіркестерімен жұмыс жасады. Берілген тұрақты сөз тіркесін сурет арқылы көрсетіп, мағынасын түсіндірді. Соңғы станция «Сахналау» деп аталды. Бұл жерде командалар өз қиялын және актерлік шеберліктерін көрсетті. Ертегіні өздері аяқтап, топпен сахналауын ұсынды. Әр топ орындаған тапсырмалары бойынша баға алып отырды. Әр команда марапатталып, тәтті сыйлыққа ие болды. Іс-шараның соңында балалар өз ұсыныстары мен тілектерін білдірді.