ЖЕЛІЛІК ШАХМАТ ТУРНИРІ

2018 жылдың 30 қыркүйегінен 2 қазан аралығында Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов Кубогына зияткерлік мектептер арасында желілік шахмат турнирі өтуде.

Бұл турнирдің ерекшелігі-ол 3 жас топтары бойынша НЗМ арасында жас шахматшыларды қамтиды. Турнирге 21 команда қатысты. Оқушылар мен жас шахматшылар турнирге үлкен қызығушылықпен қарады . Оларды тәжірибелі педагогтар дайындайды.

Ағымдағы жылы Желілік шахмат турнирі Қостанай облысының “Жайлау” демалыс базасында өтті. Қатысушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту және ойынға жақсы көңіл-күй қалыптастыру үшін келген алғашқы күні психологтар дене шынықтыру мұғалімдерімен бірге Ашық психологиялық квест пен тимбилдинг өткізді. Тимбилдинг өткізу орны көркем демалыс аймағы кездейсоқ таңдалмаған. Психологиялық жеңілдету әдеттегі мектеп қабырғасынан алыс, табиғатта тез жүреді. Команданы ерекше жағдайларға салып, бейресми көшбасшыларды, жасырын  қақтығыстарды анықтау.

Турнирдің ашылу салтанатында жас қатысушыларға танымал ойынның тарихын ашқан театрлық қойылым көрсетілді. Қойылымға Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қатысты. Турнир қорытындысы 2 қазанда “Жайлау”демалыс базасында өтеді.