ШЫҢДАРҒА БІР ҚАДАМ!

ШЫҢДАРҒА БІР ҚАДАМ!

12 сәуірде біздің мектепте ғылым қызметкерлері күніне және Дүниежүзілік авиация және космонавтика күніне арналған “Зерттеудегі бір қадам- дамудағы жүз қадам” атты аймақтық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Қостанай облысының жалпы білім беретін және инновациялық мектептерінің оқушылары қатысты.

Конференция жұмысы бірнеше бағытта өтті: пленарлық отырыс, секциялардағы жобаларды қорғау, TEDх, FunScience. Пленарлық отырыста директор Думан Набильевич құттықтау сөздерін айтып, ол ғылыми қызметтің жеке тәжірибесімен бөлісті және оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін дамыту қажеттілігі туралы айтты, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ ғылыми-инновациялық орталығының молекулярлық-генетикалық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері Татьяна Поддудинская, сондай-ақ әр түрлі деңгейдегі ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын оқушылар сөз сөйледі.

Сонымен қатар ғарыш және ғылым тақырыбында оқушылардың сурет көрмесі ұйымдастырылды. Зымыран жасау бойынша оқушылармен жұмыс жүргізетін қосымша білім беру педагогтары аспанға зымырандарды ұшыру арқылы өңірлік конференцияны бастады

Секциялық жұмыстар аясында 160-тан астам жоба мен зерттеу жұмыстары ұсынылды. Жас зерттеушілердің жұмыстарына А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ғалымдары сараптамалық баға берді.

Конференцияның әр қатысушысы оқушылардың жұмыс нәтижелерін панельдегі ғылыми және қолданбалы жұмыстардың каталогы арқылы зерделеп , конференция туралы естелік фото жасап, іс-шараны ұйымдастыру мен өткізу бойынша кері байланыс бере алды.

88