Есіл шаңырағы

Есіл

Есіл шаңырағы

Педагогұйымдастырушыкуратор: Долдашова Гулим Темиргалиевна

9 «A» және 10 «F» сыныптарының шаңырағы 37 оқушыдан құралған: олардың өзара қарым-қатынастары жақсы, әрдайым бір-біріне көмектесуге дайын тұрады. 9 «A» сыныбында 19 оқушы оқиды, олардың әрқайсысының шаңырақта ерекше орны бар, өмірлік ұстанымдарымен және өз пікірлерін жеткізе білу қабілеттерімен ерекшеленеді.

10 «F» сыныбында 18 оқушы бар. Олар шаңырақтың жоғарғы сыныбы болып табылады. Сынып оқушыларының танымдық әлеуеті зор және өзіндік білім көтеру белсенділіктері де жоғары. Сынып ұжымы қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Ұсынылған кез келген іске қызығушылықпен кіріседі. Сынып ұжымында өзара түсіністік, іскерлік ынтымақтастық байқалады, өздері және ұжым үшін жауапкершілікті сезінеді. Көптеген балалар қосымша білім беру жүйесінде тіркелген, яғни би, ән және спорт үйірмелеріне қатысады.

Бүгінгі таңда Керей хан шаңырағы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын ұйымшыл ұжым ретінде қалыптасты. Балалар ақкөңіл, жұмыс жасауға қабілетті, жаңындағы құрдастарына көңіл бөле отырып, үлкен кіші деп бөлмей, барлығына аса бір ізетпен қарайды.