Жайық шаңырағы

Кайыпхан шанырак

Жайық шаңырағы

Педагог-ұйымдастырушы-куратор: Мурзаханов Муратхан Болатович

Шаңырақ құрамына 11 B, 12 C сыныптары кіреді.

Шаңырақтың кенжесі 11 «B» сыныбында 19 оқушы оқиды. Оның 12-сі қыз бала, 7-і ұл бала. Сыныптың ұйымшылдығы, ауызбіршілігі жоғары дәрежеде қалыптасқан. Өзара қарым-қатынастары орнықты, бір-біріне көмектесуге әрдайым дайын тұрады. Метктептегі іс-шараларға белсенді араласады, жеке қабілеттерін дамытуға арнайы ұйымдастырылатын үйірме жұмыстарына, секцияларға қатыса жүріп, белсенді мүшесіне айналып отыр.

12 «С» сыныбында 21 оқушы оқиды. Оның 14-і қыз бала, 7-і ұл бала. Сынып оқушылары ұжым ішінде ұйымшыл, тәртіптері өте жақсы, әрбір оқушының ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары дәрежеде. Мектепшілік, сынып аралық іс – шаралар мен ертеңгіліктерде ұжым толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Сыныптан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға араласа біледі.

Бүгінгі таңда шаңырақ мүшелері бірлігі жарасқан ұжым ретінде қалыптасып отыр. Жас ерекшеліктеріне қарамай бір-бірімен тығыз баланысады. Қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер әр уақытта барлық оқушы тарапынан көрініп отырады, жолдастық көмек көрсетуге дағдыланған. Шаңырақтың  дәстүрлі мерекелері: күнтізбелік мерекелер, әрбір оқушының туған күндері болып саналады. Мектептен тыс үйірме, секция, түрлі клубтарға қатысып, танымдық қабілеттерін ұштап отырады.