Біз жайлы

Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қонар.

Халық даналығы

Қостанай қаласы физика-матматика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасы 2015 жылдың 8 қаңтарында бірінші тұрғындарды қабылдады. Бүгінгі өз үйіндей боп кеткен жатақханада 132 тәрбиеленуші, оның 70-і қыз бала, 62-сі ер бала.

Ересектер мен балалардан құралған үлкен ұжымды жатақхана меңгерушісі Нурахметова Бакытжамал Батырхановна басқарады. Күнделікті жүгі ауыр жұмысты 13 педагог – тәрбиешілер атқарады. Комендант Батпанаев Серик Октабрович басқарған еден жуушылар ұжымы жатақхананың тазалығын сақтайды. Балалар денсаулығына 3 медбике қарайды.

«Зияткерлік мектептер жатақханасы оқушылардың тәрбиесі мен тұрмысын қамтамасыз етеді…» Бұл сөздер Назарбаев Зияткерлік мектептері жатақханасының іскерілігін ұйымдастыру Ережелерінен алынған. Бұл Ережеде барлық қызметкерлер балалардың оқу бағдарламасын меңгергенін қадағалап қана қоймай, мектеп миссиясына сай танымды, сын тұрғысынан ойлайтын, креативті үнемі жетістікке ұмтылатын, көшбасшылармен мәдениаралық қатынасқа түсе алатын тұлға тәрбиелей білуі керек екені айтылған.