«Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлт ұстазы»

28 қыркүйекте Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай осындай атаумен кино кеші өткізілді. Кеш барысында 7 «А» сынып оқушылары Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен, шығармашылығы және еңбек жолымен таныс болды. «Ахмет. Ұлт ұстазы» сериалынан үзінді көріп, викториналық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Әуезов және Ахмет Байтұрсынұлының оқу-білім жайлы айтқан нақыл сөздерін тыңдап, театрлық қойылым тамашалады. Кино кеші форматында өткізілген кіріктірілген сабақты мектептің аға педагог-кітапханашысы Айжан Сұлтанқызы мен педагог-ұйымдастырушы-куратор Гүлвира Кәдірбекқызы өткізді.