«Тобыл» атындағы шаңырақ

Тобыл

«Тобыл» атындағы шаңырақ

Педагог-ұйымдастырушы-куратор: Қадыржанова Мақпал Едігеқызы

10 «G» және 8 «А» сыныптарының шаңырағы 37 оқушыдан құралған. 10 «G»  сыныбында 19 оқушы, 8 «А» сыныбында 18 оқушы. Тобыл шаңырағының оқушылары тату әрі бірлескен шаңырақ мүшелері боламыз!Шаңырақ оқушылары ұжым ішінде ұйымшыл, тәртіптері өте жақсы, әрбір оқушының ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары дәрежеде. Мектепішілік, шаңырақ аралық іс – шараларға сынып толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі.

Сыныптан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға араласа біледі. Еңбек ету, үлкенге ілтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары әр баланың бойында жақсы қалыптасқан. Бұндай қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер әр уақытта барлық оқушы тарапынан көрініп отырады, жолдастық көмек көрсетуге дағдыланған.

Бүгінгі таңда ұйымшыл ұжым ретінде қалыптасқан. Балалар ақкөңіл, жұмыс жасауға қабілетті, қасындағыларға көңіл бөле отырып, үлкендерге де, құрбыларына да құрметпен қарайды.Мектептен тыс үйірме, секция, түрлі клубтарға қатысып, танымдық қабілеттерін ұштап отырады. Көптеген балалар қосымша білім беру жүйесінде тіркелген, яғни би, ән және спорт үйірмелеріне қатысады.Пәндерден олимпиадаға қатысады, бұл өз кезегінде олардың бойында көшбасшылық қабілеттердің дамуына ықпал етеді.