Робобатл WRO-2023 Қостанай NIS-те

 

Бүгін, Қостанайдағы NIS базасында Зияткерлік мектеп және жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында робототехникадан олимпиаданың аймақтық іріктеу кезеңі өтті.

Назарбаев Зияткерлік мектептері Қазақстан Республикасында робототехника бойынша жарыстардың ұйымдастырушылары болып табылады және жыл сайын Дүниежүзілік роботтар олимпиадасының ережелері бойынша жарыстар өткізеді.

Олимпиадаға барлығы 9 команда қатысты. Қатысушылар тіркелгеннен кейін салтанатты ашылу болды. Олимпиада халықаралық конкурстардың ережесі бойынша 2 номинация «Robo Mission» (үлкен жас тобы) және «Future Innovators» (шығармашылық) бойынша өтті.

Робототехникадан облыстық олимпиаданың тақырыбы «Әлемді біріктіру» аталды. Оқушылар күнделікті қолданысқа ие болған роботтарды көрсетіп қана қоймай, ауыл шаруашылығындағы мәселелерді шешуге қабілетті роботтарды көрсете білді.

Жарыс қорытындысы бойынша екі номинация бойынша бірінші орындарды – Қостанай қаласының NIS командасы иеленді. 2 және 3 орындарды Қостанай облысының №23 мектеп және «Білім-Инновация» лицей-интернатының командалары өзара бөлісіп алды.

 

 

29