Назарбаев Зияткерлік мектебі 5-6 сынып оқушыларын Жазғы мектепке шақырады.

Оқу бағдарламасында:

«Improve your English» ағылшын тілі

және «STEAM жазы – 2023» ғылым мен технология әлемі.

 

Жазғы мектеп Халықаралық мұғалімдердің қатысуымен өтеді. Бір мезгіл тамақтану

Оқу бағдарламасы 2023 жылдың 5-16 маусымы аралығында өтеді.

Тіркелу https://summerschool.nis.edu.kz/ сайтында 2023 жылдың 23 -31 мамырға дейін.

Анықтама үшін телефон: +77472295799 (Амир Ажмухамбетов).

 

«Improve your English» ағылшын тілі (құны 34 000 теңге)

Ағылшын тіліндегі Жазғы мектептерге арналған оқу бағдарламасы сыныпта достық және белсенді оқу атмосферасын құру үшін іс-шаралар мен қызықты тақырыптарды қамтитын НЗМ оқу бағдарламасына негізделген. Оқыту бағдарламасы оқушылардың проблемалық мәселелерді шешу дағдыларын дамытуға, оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеуге, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін анықтауға көмектесуге және оларды белсенді оқу процесіне тартуға бағытталған.

 

«STEAM жазы – 2023» ғылым мен технология әлемі (құны 40 000 теңге)

 

Курс бағдарламасы жалпы білім беретін мектептердің 5-6 сынып оқушыларына арналған. Бастауыш және орта мектепте оқушылар әртүрлі табиғат құбылыстарымен, ғылыми танымның әдістерімен танысады. Жазғы мектеп кезінде оқушылар ғылым мен технологияның қызықты әлеміне еніп, STEAM пәндерінің біздің өмірімізге қалай әсер ететінін білуге мүмкіндік алады. Бағдарлама жаратылыстану, математика, робототехникаға қатысты әртүрлі тақырыптарды зерттейді.

 

Бізбен бірге Сіз тек оқып қана қоймай, әртүрлі елдердің мәдениетін біліп, жаңа достар тауып, ұмытылмас тәжірибе аласыз.

 

Біз сені күтеміз!