Зияткерлік мектебі мұғалімдерінің зерттеу тәжірибесі көрсетілді

 

Қостанай қаласындағы Зияткерлік мектебінде қалалық, аудандық білім бөлімдері және облыс білім басқармасының әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлеріне, сондай-ақ Қостанай облысы мектептері директорларының орынбасарларына арналған облыстық семинар өтті.

 

Семинарға қатысушылар NIS мұғалімдерінің зерттеу жұмыстарымен танысуға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, мұғалімдердің мектепте зерттеуді ұйымдастыру және жүргізуді, «APA style» бойынша зерттеу нәтижелерін тіркеу және халықаралық конференцияларда сол нәтижелерді көрсету мүмкіндіктері туралы қарастырылды.

 

NIS оқытушылары Руза Ташенова мен Галина Вартаньян WALS халықаралық конференциясына қатысудың жеке тәжірибесімен бөлісті, Айгерим Хайдарова, Марал Аликулова, Арайлым Сарина және Қаракөзайым Нурсултанова Назарбаев Зияткерлік мектептерінің халықаралық конференциясына қатысу тәжірибесімен бөлісті. Директордың орынбасары Амир Ажмухамбетов «APA style» сәйкес зерттеу нәтижелерін ресімдеуге қойылатын талаптармен таныстырды. Облыс педагогтарына физика пәнінің мұғалімі Салия Туктубаеваның «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту тәжірибесі өте қызықты болып көрінді, онда ғылыми зерттеулердің негіздері туралы айтылды. NIS тәжірибелі ұстаздары Ментай Козганбаева, Гульнара Едигенова, Юлия Злоба, Гульнар Жармухамбетова жүргізіліп жатқан зерттеулер мен мұғалімнің зерттеушілік дағдыларын дамытудың құндылығын жеткізуге тырысты.

 

Семинарға қатысушылар тәжірибелік тапсырмаларды қызығушылықпен орындап шықты, бұл олардың білімдері мен дағдыларын, сонымен қатар зерттеу тәжірибесін жүйелеуге және жалпылауға мүмкіндік берді. Педагогтар сабақты зерттеуді дайындау және өткізу кезеңдерін қарастырды: оқыту проблемасын анықтаудан, топтар құру, бірлескен сабақты жоспарлау, фокус-топ оқушыларын анықтау, сауалнама сұрақтарының ерекшеліктерінен бастап, рефлексия арқылы аралық нәтижелерді есепке алуға дейін.

 

Қорытындылай келе, Зияткерлік мектеп директорының орынбасары Рашит Татимбеков 2024 жылға жоспарланған іс-шара туралы жаңалықтармен бөлісті. Оның айтуынша, WALS халықаралық конференциясы Қазақстанда Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен өтеді. Бұл халықаралық деңгейдегі іс-шара қазақстандық мұғалімдерге сабақты зерттеудің өзіндік нәтижелерін көрсетуге, басқа елдердің мұғалімдеріне зерттеу жүргізудің халықаралық тәжірибесін зерделеуге мүмкіндік береді.