Алтыншы сынып оқушылары NIS партасына отырды

 

Қостанай қаласындағы Зияткерлік мектебіне түсуге ынталы оқушылар үшін қысқы Каникулярлық мектеп басталды.

Виртуалдық мектепті сәтті меңгерген 6-шы сынып оқушылары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен және математикадан қосымша сабақтарда дайындалады. Сабақтарды тәжірибелі NIS оқытушылары жүргізеді, оқушыларға конкурстық тестілеу кезінде кездесуі мүмкін әр түрлі тапсырмаларды орындау ұсынылады.

Виртуалдық және Каникулярлық мектеп жобалары Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсуге арналған дайындық курстары болып табылады.

Яғни, осы курстар оқушының 2023 жылдың 2-3 наурызында өтетін конкурстық іріктеуге дайындалуға ықпал ететіні сөзсіз.