Қостанайдағы NIS жас ғалымдары «Youth Chemistry Conference 2022» конференциясында өз идеяларын ұсынды

 

2022 жылғы 12 қарашада Назарбаев Университетінде жас студенттер мен мамандарға арналған іргелі, қолданбалы химия және химиялық инженерия саласындағы жыл сайын өткізілетін «VI Youth Chemistry Conference 2022» ғылыми конференциясы өтті. Химия мамандығының студенттері мен түрлі мамандар ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұсынып, ғылымның өзекті бағыттарын талқылауға үлкен мүмкіндіктер болды.

Биылғы конференция «Novel Approaches in Chemistry: From Fundamentals to Applications» тақырыбында өтті. Конференцияға студенттерден бөлек шетелдік профессорлар дәрістермен қатысты. Бұл шараға химия пәнінің мұғалімдері Гүлмира Қонспаева мен Қаракөзайым Нұрсұлтанова жетекшілік ететін қостанайдағы NIS жас ғалымдар тобы қатысты.

Конференцияға 11 сынып оқушылары Дамира Қазиева, Әлихан Ибраев, Әмір Керібаев және Тимур Шаймерден өз ғылыми жобаларының постер бойынша баяндамашысы ретінде қатысса, ал Гүлмира Қонспаева ғылыми зерттеуін презентация ретінде баяндады.

Оқушыларымыз биосорбция әдісімен суды тазарту, нанотыңайтқыштар, сутегі асқын тотығымен бидайды тыңайту, биологиялық ыдырайтын пластиктер саласындағы өз идеяларын ұсынды.

Гүлмира Мұратқызы пируват көміртектерінің ЯМР (ядролық магниттік резонанс) сигналдарын арттыру үшін гиперполяризацияны қолдану бойынша өз зерттеуімен таныстырды.

Қатысушылардың айтуынша, көптеген сұрақтарларына жаңа бағыт алып, алдағы жұмыстарына ұсыныстар алды.