Мектебімізде Республикалық ғылыми жобалар байқауының мектепшілік кезеңі өтуде.

Бұл жоба оқушының ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын, өз бетінше және шығармашылық ойлау қабілетін, алған білімдерін практикада пайдалана білу, оқудың аралық және соңғы нәтижелерін көрсету дағдыларын дамытуға және жетілдіруге бағытталған.

Ғылыми бағыты бойынша дайындалған оқушылар баяндамаларын және зерттеу нәтижелерінің презентацияларын ұсынды.

Міне, біздің мектептен оқушылардың қатысатын пәндер тізімі:

 

  • Физика
  • Математика
  • Қолданбалы математика
  • Информатика
  • Экономика
  • Биология
  • Химия
  • Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы
  • Өлкетану
  • Әдебиет
  • Этномәдениеттану
  • Тіл білімі