Ата-аналар комитетінің бірінші отырысы өтті

 

23 қыркүйекте ата-аналар комитетінің биылғы бірінші отырысы өтіп, онда мектеп директорының ата-аналар алдындағы есебі талқыланды.

Мектеп директоры Гульнара Дусказиева ата-аналарды мектептегі білім беру жүйесінің нәтижелері мен алдағы уақыттағы өзекті мәселелермен таныстырып, комитеттің жаңа оқу жылындағы жұмысы туралы талқыланды.

Ата-аналар алдында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Амир Ажмухамбетов сөз сөйледі. Өз сөзінде оларға мектеп өміріне белсендірек қатысуды ұсынды: «Біздің қолымыздан көп нәрсе келеді; сұрақтар қойып қана қоймай, оларды шеше аламыз», – деді сөз соңында.

Отырыс барысында ата-аналар комитетінің жаңа төрайымы – Тубулбаева Оксана Баймұханқызы, оның орынбасары – Жаппосбаев Мұрат Асылұлы және ата-аналар комитетінің хатшысы – Рахметова Әсел Дәулетқызы сайланды.

Ұсынылған мәселелерді талқылауға ата-аналар белсенді қатысты.