Оқушының болашақ мамандығына байланысты пәндерді таңдауы керек

Бүгін мектеп мәжіліс залында оқушыларға арналған электив курстарымен таныстыру өтті. Балалар биылғы оқу жылының элективті курстарын таңдауға мүмкіндік алды.

 

Электив курстары емтихандарға жақсы дайындалуға осылайша университетке түсу мүмкіндігін арттыруға көмектеседі. Балалар мектептегі бірқатар пәндер бойынша өз білімдерін толықтыруға мүмкіндік алады. Элективті курстарда жоғары сынып оқушылары коммуникативті дағдыларын жетілдіреді, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытып, ойларын сауатты жеткізуге үйренеді.

 

Қазіргі уақыттағы әлем бойыншы дамып келе жатқан IT-секторында деген қызығушылық балалардың ерекше ықыласы байқалады. Информатика пәнінің мұғалімі Абай Сибанбай динамикалық веб-сайттарды құру курсын ұсынды:

 

– Бұл бағыт бұрынғыдай өзекті болып қала береді. Фулл-стак әзірлеушілері дүние жүзінде тапшы. Презентациядан кейін маған курсқа жазылуға келген бір топ оқушылар келді. Жазғы мезгілде 10 апталық курсты бітірдім, енді өз білімімді шәкірттеріммен бөлісуге дайынмын. Курстан кейін олар тек өз қажеттіліктері үшін ғана емес, сонымен қатар коммерциялық мақсатта да веб-сайттар жасай алатын болады.