Отбасы күні қарсаңында және «Қоғамға қызмет» мектеп жобасын жүзеге асыру аясында жобаның үйлестірушісі Изат Жарбулов оқушылармен бірге көп балалы отбасыларға көмек көрсету мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізді.

«Каспий» және «Ақкөл» шаңырақтарының 7-10 сынып оқушылары тұрмыстық жағдайы төмен, көп балалы отбасына барды. Оқушылардың ата-аналары қажетті азық-түлік, балаларға қажет заттар салынған себетті жинады.

– Бұл іс-шара қатысқандардың барлығына көп нәрсені үйретті. Біріншіден, қоғамға қызмет ету – әрбір азаматтың борышы екенін түсінді. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың көзқарасын өзгертеді. Екіншіден, балаларға өмірде шын мәнінде не маңызды екенін және кез келген өмірлік жағдайларға қарамастан, адамгершілік қасиеттерді сақтау керектігін еске салды, – дейді педагог-ұйымдастырушы-куратор Изат Жарбулов.