WRO 2022 «My robot — my friend» аймақтық кезең

2022 жылдың 30 сәуір күні барлық NIS жүйесінде «WORLD ROBOT OLYMPIAD- 2022» робототехникадан халықаралық олимпиаданың аймақтық іріктеу кезеңі өтті.

Жыл сайын ұйымдастырылатын олимпиаданың миссиясы -робототехникадан жарыстар ұйымдастыра отырып, мүмкіндігінше көптеген жастарға өздерінің шығармашылық қабілеттері мен проблемаларды шешу дағдыларын қызықты түрде дамытуға мүмкіндік беру. Әр маусымда WRO қатысушылардың жасына сәйкес келетін жаңа тақырыптар мен тапсырмалар орындалады.

WRO 2022 маусымының тақырыбы “Менің роботым-менің досым». Робототехника мен жасанды интеллекттің үйлесімі әлемді, әсіресе адамдардың өмір сүру ортасын өзгерте алады. Маусымның міндеттері роботтардың адамдарға қалай көмектесе алатындығына байланысты. Робот пен адамның өзара әрекетін қалай пайдалы және қауіпсіз ете аламыз? Командалар күнделікті өмірде бізге қамқорлық жасайтын, құтқаратын немесе қызмет көрсететін роботтарды құрастырады.

Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде олимпиаданың 4 категориясы бойынша: “RoboMission. Junior”, “RoboMission. Senior”, “Future Innovators. Senior” және “Future Engineers” өткізілді.

Сайысқа робототехника саласына қызуғушылығы бар 11-19 жас аралығындағы жалпы орта мектеп командалары қатысты.

Сайыс нәтижесінде:

“RoboMission. Junior” категориясында Мария Баюк және Кирилл Хегай«Lightbulb» NIS командасы;

“RoboMission. Senior” категориясында Рустам Жуматов және Павел Ляпустин«Ibrashka» NIS командасы;

“Future Innovators. Senior” категорисянда София Синицина және Амина Искакова «EWA» NIS командасы;

“Future Engineers” категориясында Владимир Чуприн және Александр Дейнега «Бауыржановцы» №5 ЖББМ командасы жеңіс тұғырынан көрінді.

Аймақтық кезең жеңімпаздары олимпиаданың 2022 жылдың маусым айында өтетін Республикалық кезеңіне жолдама алады.

Алдағы уақытта оқушыларымызға олимпиаданың Республикалық кезеңінде сәттілік тілейміз!