ТҮЛЕКТЕР ДӘСТҮРІ…

Қостанайдағы NIS 12 сынып оқушылары мектеп ауласындағы түлектер аллеясында көшет отырғызу шарасы өтті.

Шараға мектеп директоры және барлық 12 сынып кураторларымен бірге қатысты. Ата-аналардың демеушілігімен 12 түп көгілдір шырша ағашының көшеттері әкелініп отырғызылды.

Ағаш адамзаттың рухани мәдениетінің әмбебап нышандарының бірі екендігі тегін емес. Бұл тікенді сұлу ағаш өзінің әсем келбетімен назар аударып қана қоймай, сонымен қатар 2022 жылғы түлектерімізді еске салады деген үміттеміз.

Мектеп ұжымы мен қауымдастығы алдағы уақытта аталмыш аллеяны кеңейтіп, барлық жағдайды жасауға ниетті екенін алға тартты.

Осындай игі дәстүрдің арқасында мектеп аллеясы келешекте әсем шыршаға ғана емес, алма, жүзім, шетен ағаштары гүлдеген баққа айналады.