Конкурстық іріктеу

Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2022-2023 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды.

Құжат қабылдау 2022 жылғы 5 қаңтардан 21 ақпанға дейін жүргізіледі. Комплекстік тесттер 2022 жылғы 14-15 сәуір күндері өтеді.

Мектептің сайтында www.kst.nis.edu.kz басты бетте Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына келу үшін онлайн брондау қызметі жүзеге асырылады.

Қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі:

дүйсенбі-жұма күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақыты: 12.00-13.00-ге дейін

(7 қаңтар мерекелік күн)

 

Құжаттарды қабылдау келесі мекен-жай бойынша жүргізіледі:

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 239. Телефон: 8 (7142) 39-06-70