Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдағына арналған «Елімнің ертеңі -2021» фентези суреттер байқауының жеңімпаздары анықталды.
2021 жылдың 1 мен 8 желтоқсан аралығында Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өткізген желілік байқауда біздің мектептің оқушылары жүлделі орындарға ие болды:
Кескіндеме бағытында 10 сынып оқушылары Зарина Ормантаева «Болашақ Қазақстан!» туындысымен 1 орынды иеленсе, Сабина Мырзахметова «WeIcom to Kazakhstan!» туындысымен 3 орынды иеленді.
Компьютерлік графика бағытында 12 сынып оқушылары Ибраһим Арғынбай мен Жангельды Бейсеновтың «AutoCAD 2018» бағдарламасында орындалған туындылары 2 орынға лайық деп танылды.
Тағы да, «AutoCAD 2018» бағдарламасында орындалған туынды Анель Исмагулова, Мағжан Өмірзақ және Бекзат Казтаев 12 сынып оқушыларынан құралған тоб 3 орынды иеленді.
«Арқа әуендері» тұрғын ауданы жобасы үшін 10 сынып оқушылары Сабина Әбіш және Сабина Мырзахметованың шығармалары 3 орынға лайық болды.
8 сынып оқушысы Малика Атыгайдың «Елімнің ертеңі!» атты жұмысы, 12 сынып оқушылары Данияр Мухрадинулы, Мирас Аскар және Ақару Исламбек тобының графикалық жұмысы қатысушы сертификаттарымен белгіленді.
Байқау жетекшісі «Өнер», «Графика және жобалау» пәндері мұғалімі- Махмутова Мархаба Даулетжановна. Қосымша білім беру мұғалімі- Баталова Баян Жолдыбаева.
Өнер жолында марапатқа ие болған талантты оқушылар мен жетекшілерін құттықтаймыз!