НЗМ ОҚУШЫЛАРЫ ӘЛЕМНІҢ ӘР ТҮРЛІ ТІЛДЕРІНДЕ ӘН САЛДЫ

Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында оқушылар арасында вокалды-аспаптық орындау байқауы өтті. 2020 жылдың 27 сәуірінен 30 сәуірге дейін сайысқа қатысушылар әлемнің әр түрлі тілдеріндегі музыкалық туындылардың бейнелерін мектептің ресми YouTube каналында орналастырған болатын.

Мектептің қызметкерлері, оқушылар және олардың ата-аналары ұнаған әндеріне дауыс берді. Байқауға қатысушылардың идеялық деңгейінің жоғары екені, көркемдігі, шығармашылықтары мен өзіндік ерекшелігі көрермендерді тамсандырғанын атап өткен жөн.

Онлайн режиміндегі өткен байқауда дауыс беру нәтижелері бойынша «Ең креативті бейне» номинациясында Алакөл шаңырағы жеңімпаз атанды. Оқушалар француздың әйгілі диджейі Вилли Уильямның «Эго» әнін орындады. «Ең әдемі вокалды орындау» номинациясында қытай тілінде ән айтқан Амудария шанырағы үздік деп танылды. “Көрермендер көзайымы” номинациясы бойынша Арал шаңырағы «Қара жорға» әнін қырғыз тілінде орындағаны үшін алды. Сонымен қатар біздің оқушылар итальян, жапон, неміс, өзбек тілдерінде әндер орындаған болатын.

Осындай дарынды оқушылар арасында байқау алғаш рет өткізіліп отыр, дегенмен біздің мектебімізде талантты және шығармашылық дарынды балалар бар екенін тағы да бір дәлелдейді.

 

https://www.youtube.com/watch?v=zyiDuiIe8RA&list=UUTYfqUKoTddgPIHLmjU0uxw&index=10

https://www.youtube.com/watch?v=e8ifozawOLc&list=UUTYfqUKoTddgPIHLmjU0uxw&index=17

https://www.youtube.com/watch?v=eGq64Q_l4Io&list=UUTYfqUKoTddgPIHLmjU0uxw&index=15