Қостанайдағы НЗМ оқушысы Камеля Досанова «SCIENCE STARS» байқауыда 2 орынға ие болды

 

Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Камеля Досанова Қазақстандағы Британдық Кеңестің ұйымдастыруымен «Science stars» ғылыми конкурсында 2 орынға ие болды.

Science stars – бұл Қазақстан Республикасында Британдық Кеңес, танымал OYLA ғылыми журналы және ғылыми қор Chevron қолдауымен өткізілетін ғылыми коммуникациялар сайысы. Байқаудың негізгі мақсаты – жастарды (9-12 сынып оқушылары, сондай-ақ колледждердің 1-2 курс студенттері) ғылыми тақырыпты, технология, инженерия, медицина, биология, химия, физика немесе математика бойынша жобаларды ұсынуды қолдана отырып зерттеу жұмыстарына тарту.

Байқаудың финалы онлайн режимінде өтті. Биыл финалға қатысуға арналған 1600 өтінімнің ішінен 10 жұмыс іріктелді. Қатысушылар үш минуттық презентация дайындауы керек болатын. Онда өнертабыс, теория немесе ғылыми бағыттардың бірінде: технология, инженерия, медицина, биология, химия, физика немесе математика туралы ғылыми жобаларды өз ойымен сараптап ойын жеткізу.

Камеляның «Айнымалы магниттік өрістерді қолдану» тақырыбы жаңа емес, оны зерттеу 20 ғасырдың басында басталған. Алайда, бүгінгі күннің өзектілігі сөзсіз және магниттерді қолданумен жұмыс істейтін әртүрлі құралдарды іздеумен негізделген: қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылғылардан бастап, әртүрлі көлік құралдарына дейін.

– Магниттік жастықтарда жұмыс істейтін көліктің қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі – қозғалыс магниттік өрістердің полярлықтарының ауысуымен немесе олардың индукциясының өзгеруімен қамтамасыз етілетін магниттік левитинг поездары. Магелевтер рельс пен пойыздың жүруі кезінде үйкеліс болмауына байланысты жылына ондаған мың тонна қазбалы отынды үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл экономикалық және экологиялық тұрғыдан тиімді шешім », – деп Камеля өз жұмысына түсініктеме берді.