Күзгі бал

Далада қар жауып, 24 қараша болғанына қарамастан, Өзін-өзі басқару кеңесі жатақхана тарихында алғаш рет “Күзгі бал” іс – шарасын ұйымдастырып, онда “Күзгі ханшайым мен мырза – 2022” байқауын өткізді. Кеш позитивті атмосферада өтті, барлық қатысушылар 5 жұпты құрады. Көрермендер олардың батылдықтары мен шығармашылықтарына құрмет көрсетіп, кеш бойы қолдап отырды. Барлық жұптар номинациялар бойынша жүлделерге ие болды, ал Чернышов Ярослав пен Өмірзақ Диана “Күзгі ханшайым мен мырза – 2022” атанды.