Күй анасы – Дина

«Өткенін білмеген ұлттың болашағы болмайды» деген аталы сөз бар. Бұл ұлт тарихында мәңгілік мұра қалдырған ұлы тұлғаларға құрмет көрсетудің маңыздылығы туралы мәнді ескерту. Сондай тұлғалардың бірі – қазақтың танымал күйші-композиторы Дина Нұрпейісова. Биыл оның 160 жылдығы Қазақстанда атап өтілуде. Осыған орай, 28 қараша күні жатақханамызда «Бұл-бұл домбыра» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.