Халықаралық оқытушылармен кездесу

Тіл адамның өзін қоршаған əлемде дұрыс бағыт-бағдар тауып, əлеуметтік тəжірибелер жинақтап, оны басқаға үйретуіне, өзінің шығармашылық қабілеттерін көрсете алуына мүмкіндік береді. Тілді меңгеру əркімнің жеке басына, мамандығына, əлеуметтік жағдайына қажет болуымен қатар, оның өз ана тілімен бірге кең ауқымды іс-əрекет етуіне жол ашады, жағдай жасайды. Біз өмір сүріп отырған ортада еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін шет тілдерін үйретуге көп көңіл бөлінуде. Əсіресе, балалар өз ана тілінен басқа шет тілін білуге, болашақта шет тілі маманы болуға, шет елдерге саяхат жасауға құмар. Сол армандарын жүзеге асыру мақсатында, сабақтан тыс уақытта жатақханада халықаралық мұғалімдермен кездесулер өтеді. Оқушыларға әр кездесу өте үлкен әсер қалдырады. Мұғалімдер техникалық құралдарды, түрлі көрнекіліктерді жетік меңгере отырып, оларды әр кездесуде  шебер пайдаланады.Соның ішінде Dominic Ouko, Marjorie Roldan сияқты оқытушылардың сабақ беру әдісі ерекше. Шетел тілдерін үйрету адамға оның өзінің жеке бас тəжірибесінен тыс жатқан мəдениетіне жол ашып, түрлі мəдениеттерінің өзара байи түсуіне себеп болады.